«Дельрус-РК» ЖШС-і Ресей, Қазақстан және жақын шетел мемлекеттерінің емдеу-алдын алу мекемелеріне арналған құрал жабдықтардың, қосалқы материалдардың ірі жеткізушісі «Дельрус» ассоциациясына кіреді. Бұл ассоциация өзінің қызметін 1992 жылы Екатеринбург қаласында бастаған. Дельрус-РК компаниясы 2008 жылы құрылды, және ол Қазақстан Республикасындағы бас өкілеттілік болып табылады. Аймақтық өкілеттіліктер Павлодар, Алматы, Астана және Ақтөбе қалаларында орналасқан. Компания қызметінің басты бағыты – медициналық мекемелерді кешенді түрде қайта жабдықтау, жергілікті тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің мамандандырылған түрлерінің даму бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру, медициналық құрал жабдықтардың монтажы және оларға техникалық қызмет көрсету, емдеу-алдын алу мекемелерін қосалқы материалдармен қамтамасыз ету, тұрғындарға жоғарғы технологиялық медициналық қызмет көрсету. ДЕЛЬРУС қан құю станциялары мен бөлімшелерін қайта жабдықтаудың кешенді бағдарламаларын құру мен жүзеге асыру бойынша нарықта жоғарғы орындарға ие. Компания Астанада, Таразда, Көкшетауда, Қостанайда және Қарағандыда жаңа Қан Орталықтарын жабдықтады. Сонымен бірге, мемлекеттік бағдарламалар аясында Ақтау, Шымкент, Өскемен, Тараз, Семей, Теміртау, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Жезқазған қалаларындағы Қан Орталықтарын жаңа үлгідегі құрал жабдықтармен толықтырып жабдықтады. Дельрус компаниясы ҚР аймағында әлемге белгілі компаниялардың: TERUMO Corp. (Жапония), SANYO Electriccompany (Жапония), HAEMONETICSS.A. (АҚШ), NIHON KOHDEN (Жапония), Microptic S. L. (Испания), ALIFAX SPA (Италия), DiamedAssetsManagement AG, (Швейцария), Ljungberg&Kogel AB (Швеция), MobileDesign (АҚШ), OriGenBiomedicalGmbH (АҚШ), PfmAG (Германия), Robion AG (Швейцария), Tecan, SalesAustriaGmbH (Австрия, Еуропа), TerumoEuropeNV (Бельгия), ThermoElectronLEDGmbH (Америка/Германия), ThermoGenesisCorp. (Америка), SunderBiomedicalTechCo., LTD (Тайвань, Оңтүстік-Шығыс Азия), Siare EngineeringInternationalGroupSRL (Италия), MekicsCo.Ltd (пульсоксиметрлер), MiroCam (Корея), Echosens (Франция), SandhillScientific (АҚШ) эксклюзивті дистрибьюторы болып табылады. ДЕЛЬРУС-тің сервистік желісінің инженерлері сертифицирленген жоғарғы классты мамандар, олар үнемі РФ-да және шетелдерде құрал жабдықтардың өндіруші-фирмаларында білім алып тұрады. Осы кезде Дельрус компаниясы медициналық құрал жабдықтардың жетекші өндірушілерінің эксклюзивті дистрибьюторы құқығында лаборатория, анестезиология және реанимация, госпиталдік құрал жабдық, диализ және емдеудің эфферентті әдістері, гастроэнтерология, экстракорпоралді ұрықтандыру, биотехнология сияқты бағыттарда инновациялық құрал жабдықтарды ендіріп отыр. Бүгінде Дельрус – бұл алдымен ең жоғарғы заманауи стандарттарға сәйкестік, бұл дамыған техникалық қызмет, соның ішінде, толық кепілдік пен сервистік қызмет, сонымен бірге қызметкерлерді оқыту мен әдістемелік қолдау.
Біз Сіздермен іскер байланыс орнатуға әрдайым қуаныштымыз!
|